Күрес • 26 Маусым, 2018

Грек-рим күресінен «Алтын Гран-приден» Қазақстан командасы 9 жүлдемен оралды

234 реткөрсетілді

Венгрияның Дьер қала­сында грек-рим күресінен өткен «Алтын Гран-при» тур­нирінде бақ сынаған Қа­зақстан­ның ұлттық құрама коман­дасы тоғыз жүлдені иеле­ніп, елге олжалы оралды.  

Мажарстандағы жарыста Жан­серік Сәрсенбиев (55 кило), Мейір­жан Шермаханбет (67 кило), Темір­лан Шадукаев (77 кило) және Нұр­махан Тыналиев (130 кило) өз сал­мақ дәрежелерінде қарсылас шақ кел­тірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Қорлан Жақанша (55 кило) мен Ерұлан Ысқақов (97 кило) финалда ғана ұтылды. Ал Алмат Кебісбаев (67 кило), Демеу Жадыраев (72 кило) және Мирас Баршылықов (77 кило) қола жүлдені еншіледі. 

Осылайша 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медальді иеленген Қазақстан құрамасы осы турнирдің командалық есебінде екінші орынға жайғасты. Бірінші орын жарыс қожайындарына бұйырса, Иран балуандары үшінші сатыға тұрақтады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Данияр Саламат

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрболат Аманжол

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерболат Қуатбек

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Кеше

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Кеше

Күлкі керуені

Руханият • Кеше

Қыз әулие

Руханият • Кеше

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Кеше

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар