Аймақтар • 29 Маусым, 2022
Иә, дәл солай. Боран, Қалжыр ауылы тұрғындарына маса маза берер емес. Қан сорғыштар ауыл төңірегінде қара бұлттай буып тұрады. Шыдас бермеген ел көшіп те жатыр. Соңғы екі жылда маса тіптен көбейген, ызыңы құлақ тұндырады. Балалар далаға шығудан қалды деседі тұрғындар. Ал «Зайсан аудандық дезинфекциялау станциясы» ЖШС мамандары улау жұмыстарын жүргізіп-ақ жатыр. Нәтиже шамалы.
Қоғам • 29 Маусым, 2022
Қазақ «ұйқы – кіші өлім» деген. Күзде қурап жерге сіңіп, көктемде қайта жаңаратын табиғат сынды қалыпты ұйқы бойға бекем қуат дарытады. Ұйқыны өлімге балау, өзге халықтарда да кездесіп жатады. Мәселен, ежелгі грек мифологиясында ұйқы құдайы Гипнос пен өлім құдайы Танатос егіз болған деседі.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Astana International Exchange (AIX, «Биржа») iX Islamic Exchange Traded Notes жаңа биржалық ноталарының («Ноталар») листингі туралы хабарлады. Олардың базалық активтері iShares MSCI World Islamic UCITS ETF (ISDW) акциялары саналады.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Жалпы республика бойынша бүгінде жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешегі 919 мың салық төлеуші бойынша 24,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 млрд теңге. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Экономика • 29 Маусым, 2022
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Нұр-Сұлтан қаласында «Гендерлік бағдарланған бюджеттеу және Қазақстандағы ұлттық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесіне енгізу құралдары» атты екі күндік тренинг өтті. Тренингке министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, облыстық қоғамдық кеңестердің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысты.