Коронавирус • 05 Маусым, 2020
Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 12 312-ге жетті
Қазақстандағы 2020 жылғы 5 маусымдағы эпидемиологиялық ахуал бойынша өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 245 адам тіркелді (өсім қарқыны – 2%).
Экономика • 05 Маусым, 2020
Отандық өнім: «Күбілей» зауыты туралы не білеміз?
Кейде жұмыс бабымен, дәм тартып көршілес Ресейдің Орынбор, Астрахань қалаларында, Башқұртстан астанасы Уфа шаһарында болып жүрміз. Сонда «Күбілей» зауытының қалбырлары әрдайым алдымыздан шығады, дүкен сөрелерінде көзге оттай басылады.
Таным • 05 Маусым, 2020
Мүфтият уағыздарды назарға алып, сараптаудан өткізгені жөн
«Жігіттікте жаннан кеш те іс қыл, өлсең, өлесің. Өлмесең, кісі боласың» деген ескіден келе жатқан сөз бар. Сонысымен бабалар ұрпағына тағдырыма жазғаны сол деп бұға бермей, іс қыл, еңбек ет дейді. Ал қазақтың бағына берген дана, уәлі сөзді Мәшһүр Жүсіп «Біреу кедей болса: «Құдай кедей қылды». Біреу жаман болса: «Құдай жаман қылды. «Біреу надан болса: «Қайтсін, Құдай надан қылды» деу, мұндай сөздер Құдайды жамандаған болады. Не тапса әркім өз пиғылынан, өз кәсібінен таппақ. Құдай ешкімді зорлықпен кедей қылмайды, ешкімді зорлықпен жаман қылмайды, ешкімді зорлықпен надан қылмайды. Құдай бермейтұғын сараң емес, сақтай алмайтын осал емес. Не кемшілік болса, пенденің өз пейілінен, өз осалдығынан», деген ой айтады.
Қоғам • 05 Маусым, 2020
Былтыр елімізде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» деп аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылып, әр облыста оның филиалдары да ашылып, жұмыс істей бастады. Жаңа мекеменің мақсаты белгілі. Өзінің атауы айтып тұрғандай, жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәсіпорынды экономикамыздың тарам-тарам тамырына айналған ірілі-ұсақты жолдардың нағыз жанашыры деуге болады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі бүгінде бұқаралық сипат алып, қарапайым көпшіліктің айтулы мейрамына айналды. Мереке күні түс ауа ұйымдастырылған «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық шара аясында Қостанай қаласының орталық көшелеріне орналасқан көпқабатты он шақты үйдің терезесінен жүздеген Ту желбіреп, тұрғындар балконда тұрып Әнұран орындады.