Қазақстан • 04 Маусым, 2020
Ертең Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп береді
5 маусым күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Қызылжар қаласында рәміздер күні аталып өтті
Көк тудың көгімізге көтеріліп, патриотизмның рухын аңқылдатқан көңілді гимннің шырқалған күні барлық қазақтың үлкен қуанышы. Бүгінгі таңда қазақстандықтар патриоттық санасы өте биік елдермен теңесе алатын салиқалы ел. Барлық қазақстандықтар шетелдерге шыққанда өзінің көк туының көзіне оттай басылатынын жарыса айтып жатады.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Нұр-Сұлтанда 100 электроавтобус желіге қосылады
Нұр-Сұлтанда жеке инвестициялар көмегімен электроавтобустардың санын 200-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Қалалық әкімдікте елорда әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту және көлік жүйесін дамыту мәселелері бойынша жиын өтті.
Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Шымкенттегі Елтай тұрғын алабында үйлердің құрылысы басталды
Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында табиғи апаттың салдарынан зақымданған 5 үйдің іргетасы қаланды. Үйлердің құрылысын еліміздегі ең ірі құрылыс мекемесінің бірі болып табылатын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізетін болады. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Қоғам • 04 Маусым, 2020
ҚМДБ: Карантин кезінде 320 онлайн дәріс өтті
Наурыздың басында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі төтенше жағдай талабын ескере отырып, мүфтият тарапынан жүргізіліп келген дәрістерді онлайн режимге көшіру жайлы тапсырма берген болатын. Соған сай Діни басқарма жанындағы «Хикмет» студиясы төтенше жағдай кезінде елге белгілі имам-ұстаздардың дәрісін онлайн таратуды бастап кетті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.