Аймақтар • 04 Маусым, 2020
Таласта жел электр станциясы іске қосылады
Ағымдағы жылы Жамбыл облысының Талас ауданында 77 жоба жүзеге асады. Бұл мақсатқа 5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, ауданда «Wind Power City» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жел электр станциясында осы жобалар аясында 1,8 миллиард теңгенің инвестициялары тартылған. Қазірдің өзінде мұнда жалпы қуаттылығы сағатына 9 МВт-ты құрайтын 7 жел генераторы салынған. Инвесторлардың айтуынша, станция тамыз айының басында жұмыс істей бастайды. Сондай-ақ, жобаның екінші кезеңінде жел қозғалтқыштарының саны 9-ға артады.
Тағайындау • 04 Маусым, 2020
Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына жаңа басшы тағайындалды
Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Батаев Берік Әділгерейұлы тағайындалды.
Тарих • 04 Маусым, 2020
Дархан Қыдырәлі ашаршылық құрбандарын еске алу үшін «алапат қасірет» күнін белгілеуді ұсынды
Дархан Қыдырәлі ашаршылық құрбандарын еске алу үшін арнайы «алапат қасірет» күнін белгілеуді ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында айтты.
«Скутер» республикалық акциясы басталды
Елімізде тіркеуге жатпайтын катамарандарды, ескекті және үрмелі қайықтарды есептемегенде Қазақстанда 18 мыңнан астам шағын көлемді кемелер бар. Суға шомылу маусымы ашылған соң жасанды және табиғи су айдындарында адамдар мен кемелер көптеп жиналады. Тиісінше, адамдардың өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына зиян тигізетін кемелерде көлік оқиғаларының туындау тәуекелі артады.
Қазақстан • 04 Маусым, 2020
Елбасы кітапханасы Мемлекеттік рәміздер күнінде онлайн жиын өткізді
4 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» баспасөз қызметі хабарлады.