04 Маусым, 2020

«Скутер» республикалық акциясы басталды

242 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде тіркеуге жатпайтын катамарандарды, ескекті және үрмелі қайықтарды есептемегенде Қазақстанда 18 мыңнан астам шағын көлемді кемелер бар. Суға шомылу маусымы ашылған соң жасанды және табиғи су айдындарында адамдар мен кемелер көптеп жиналады. Тиісінше, адамдардың өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына зиян тигізетін кемелерде көлік оқиғаларының туындау тәуекелі артады.

«Скутер» республикалық акциясы басталды

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті жыл сайын 1 маусымнан 31 тамызға дейін «Скутер» республикалық акциясын өткізеді.

Шара мақсаты - шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің су айдындарында апаттық жағдайлар мен экологиялық қауіп-қатерді болдырмау, жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуын азайту.

Осы іс-шараларды өткізу барысында шағын көлемді кемелерді қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, құтқару құралдарының болуы, жүргізу құқығы бар тұлғалардың кемелерді басқаруы, тіркелген кемелерді пайдалану және т.б. тексеріледі.

«Скутер» акциясы - су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында Көлік комитеті жүзеге асыратын 2020 жылға арналған флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі ic-шаралар жоспарының бөлігі. Көлік комитетінің аумақтық органдарының тексерулерімен қатар, шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдаланылуын реттейтін заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында кеме иелеріне, шағын көлемді кемелер мен демалыс орындары иелеріне арнап профилактикалық жұмыстарды жүргізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Көлік комитеті демалыс кезінде су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды екенін еске салады. Көпшілік демалатын орындарда:

- балаларды ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеу;

- моторлы, ескекті қайықтарға және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзуге;

- осы мақсаттар үшін бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- мас күйінде шомылуға;

- бөренелерде, тақталарда, жатықтарда, автомобиль камераларында, үрленген матрацтарда жүзуге;

- ескерту және тыйым салу белгілері мен жазулары бар қалқандар қойылған орындарда шомылуға;

- құтқару кеудешесіз шағын көлемді кемелерге отыруға тыйым салынады.

Егер су көлігіндегі қауіпсіздік ережелері бұзылған оқиғалардың куәгері болсаңыздар, Көлік комитетінің Ахуалдық орталығының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: 98-35-35, сондай-ақ фото және бейне материалдарды What'sApp messenger арқылы 8-708-088-08-00 нөміріне жіберуге болады.