Спорт • Кеше

Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Дели қаласында өткен оқ атудан Азия чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына алтын және күміс медальдар қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды

50 метр қашықтықтан жатып ату бойынша шағын калибрлі винтовкамен нысана көздеген ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова Азия чемпионы атанды. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті таратқан мәліметке сәйкес, ол 623,4 ұпай жинаған.

Екінші орынды Үндістан өкілі Сифт Каур Самра иеленсе, үшінші орынға тағы бір үндістандық спортшы Теджасвани Савант тұрақтады. Осы бағдарламадағы командалық есепте Елизавета Безрукова, Арина Малиновская және Софья Шульженко құрамындағы Қазақстан командасы 1862,8 ұпаймен күміс медаль жеңіп алып, 1862,9 ұпай жинаған Үндістанға алтынды жол берді.

Сондай-ақ осы дисциплинада Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы да табысқа жетті: Томирис Аманова алтын медаль иеленсе, Дарья Пономаренко күміс жүлдеге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар