Саясат • Кеше

Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ билігі қолданыстағы көші-қон үдерістерін жетілдіруді көздеп отыр. Осыған байланысты иммиграциялық визалар берудің уақытша тоқтатылуына қатысты Қазақстандағы АҚШ елшісі Джули Стаффт түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?

21 қаңтардан бастап АҚШ Мемлекеттік департаменті 75 елдің азаматтарына, оның ішінде ел азаматтарына да иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты. Мұндай шешім «қоғамға салмақ салуы мүмкін» деген санаттағы өтініш иелерінің қызметін шектеу мақсатында қабылданған. Елшінің айтуынша, бұл шара уақытша сипатқа ие және көші-қон жүйесін жетілдіруге бағытталған.

«АҚШ – мигранттар арқылы құрылған ел. Яғни, бұл – тарихымыздың өте маңызды бөлігі, сондықтан ол барлық заңнамамызда көрініс тапқан. Бұл – толықтай бас тарту емес, тек уақытша тоқтату. Біз оны уақытша шара деп есептейміз. Бұл үдеріс керісінше көші-қон ағындарын реттеуге көмектесуді көздейді. Бұған дейін де осындай бастамалар қолданыстағы тетіктерді жетілдіру үшін енгізілген», деді Джули Стаффт баспасөз мәслихатында.

10 жылдық «Алтын виза»: Инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

Елшінің сөзінше, визаларға қойылған шектеу өтініш берушілердің тар санатына ғана қатысты.

Үндістан Қазақстан азаматтары үшін бір айға тегін виза ұсынды

Брифинг барысында журналистер АҚШ-тың Ресей, Қытай және Иранға қарсы енгізген санкцияларының Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарға ықпалы жөнінде де сұрақ қойды.

«Қазақстанның бұл өңірде сауда серіктестері өте көп екенін жақсы түсінеміз. Біз ешқашан осы сауда қатынастарын тоқтату жөнінде бастама көтерген емеспіз. Мұнда мәселе АҚШ-тың жеке санкцияларынан гөрі халықаралық санкциялар туралы болып отыр. Қазақстанда бұл санкциялардың экономикаға кері әсерін болдырмау бағытында қалыптасқан өте жақсы тәжірибе бар. Егер осы оң динамика сақталса, санкциялар айтарлықтай ықпал етеді деп ойламаймын», деп түйіндеді елші.

Соңғы жаңалықтар