Аймақтар • 03 Маусым, 2021
Алматыда есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен ел аумағында Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткілердің ірі партияларын өткізуге қатысы бар трансұлттық есірткі құрылымының әрекетін ашып, жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Маусым, 2021
Бағдат Мусин: Ashyq «egov Mobile» қосымшасында қолжетімді
Ashyq жобасын «egov Mobile» қосымшасында пайдалануға болады. Енді электрондық үкіметтің мобильді қосымшасын пайдаланушылар басқа қосымшаны жүктемей-ақ, «Ashyq»-тың мүмкіндіктерін пайдалана алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.
Қазақстан • 03 Маусым, 2021
Карантин бұзған қазақстандықтарға 1,2 млрд теңге айыппұл салынды
1 қаңтар мен 31 мамыры аралығында карантин талаптарының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары 94 788 рейд жүргізіп, 585 393 нысанды тексерді. 16 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны шектеу талаптарын бұзған. Бұл туралы Egemen.kz Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 03 Маусым, 2021
Елордада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
Елордада дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 03 Маусым, 2021
Бескөл ауылындағы тұрғындардың неден уланғаны анықталды
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының тұрғындары краннан аққан суды ішіп уланып жатыр. Санитарлық дәрігерлер алған су сынамасынан оның микробқа толы екені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.