Қазақстан • 03 Маусым, 2021

Бағдат Мусин: Ashyq «egov Mobile» қосымшасында қолжетімді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ashyq жобасын «egov Mobile» қосымшасында пайдалануға болады. Енді электрондық үкіметтің мобильді қосымшасын пайдаланушылар басқа қосымшаны жүктемей-ақ, «Ashyq»-тың мүмкіндіктерін пайдалана алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

Бағдат Мусин: Ashyq «egov Mobile» қосымшасында қолжетімді

«Ashyq» қосымшасы министрліктің балансына алынып, құрылымдық компанияның сүйемелдеуіне берілді. Қауіпсіздік жағынан «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы жауапты болады. Көпшіліктің сұрауы бойынша біз мультиплатформалық бағытта жұмыс істейтінімізді айтқан болатынбыз. Сондықтан Ashyq қызметі Kaspi мобильді қосымшасында да қолжетімді. Алдағы уақытта Halyk Bank қосымшасында пайда болады. Басқа банктер де, басқа кәсіпкерлер де өз ұсыныстарын жіберіп жатыр, олармен бірге жұмыс істеп, келесі айда тағы ақпарат беретін боламыз», деді ведомство басшысы.