Мәліметке сүйенсек, жаңа басшы авиация саласында 40 жылдан астам тәжірибеге ие. Ол АҚШ-тың Эмбри-Риддл аэроғарыш университетін «Аэронавтика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Майкл Дэниел еңбек жолын АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігінде (FAA) бастаған. Ол инспектор, әуе қауіпсіздігі бойынша маман, әуе кемелерін сертификаттау жөніндегі жетекші және халықаралық бағдарламалар менеджері қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар ол FAA-ның Франкфурт, Нью-Йорк, Вашингтон қалаларындағы халықаралық кеңселерінде жұмыс істеген. 2006-2009 жылдары Сингапур мен Бейжіңдегі FAA кеңсесін басқарған.
Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек
Әр жылдары халықаралық авиациялық қауіпсіздік жобаларына жетекшілік етіп, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (APEC) аясындағы көлік қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобына қатысқан. Сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) тығыз жұмыс істеген.
Нұрболат АМАНБЕК