Аймақтар • 01 Маусым, 2022
Екібастұз қаласындағы магистралды су құбырларының 68 пайызы, жылу желілерінің 86 пайызға жуығы әбден тозған. Жылдар жылжыған сайын ескірмесе, жаңаратын түрі жоқ. Соның салдарынан тұрғындар қыста пәтерінде бүрсеңдеп, аурухананың есігінен сығалауға мәжбүр. Ал әкімдіктің табалдырығын тоздырып болған. «Етікші етікке жарымапты» демекші, көмірге «көмілген» өңірдің өмірі өкінішпен өтіп жатыр.
Қоғам • 01 Маусым, 2022
Петропавл қаласының тұрғыны Марат Нығыметов 54 жасында қаладағы байырғы спорт мектеп-интернатына түсіп, биыл бітіргелі отыр. Қазір Солтүстік Қазақстан облысының олимпиадалық резервінің мектеп-интернаты аталатын бұл оқу орны жаттықтырушы-оқытушы мамандарын даярлайды.
Өнер • 01 Маусым, 2022
Өмірде тағдыр деген ұғымның шынымен де бар екеніне түрлі жағдайда көз жеткізіп жатамыз. Ал осы жолы екі жанның тағдырына айналған картина жайында сөз етеміз.
Өнер • 01 Маусым, 2022
Биыл қазақтың әдебиеті мен тарихына теңдессіз көркем туынды сыйлаған Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл, ал жазушының есімін әлемге әйгілі етіп, ұлылыққа бөлеген «Абай жолы» эпопеясының жазылғанына 80 жыл толып отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Италияның Джузеппе Верди атындағы сыйлығының иегері, профессор Шахимардан Әбілов ұлт руханиятындағы айтулы оқиғаны дәріптейтін дәстүрінен жаңылмай, Абай атындағы ұлттық Опера және балет театрының залында «Ой толғау» атты үш бөлімнен тұратын моноопераның алғашқы бөлімін ұсынды.
Өнер • 01 Маусым, 2022
Қасиетті өнерді қастерлей білетін көкшелік тыңдарман қауым Роман Борисовский шерткен күйлерді тыңдауға құмар. Жасынан домбыраны жан серігі етіп келе жатқан бозбала күй тарихын зерттеуге де ынталы.