Аймақтар • 27 Маусым, 2022
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады.
Аймақтар • 27 Маусым, 2022
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды. Соңғы уақытта өңірде IT саласы қарқынды дамып келе жатқанын ескерсек, министр кадр даярлау ісіне басымдық беруді тапсырды.
Ғылым • 27 Маусым, 2022
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының (ҰҒА) 75 жылдығында аталған ұйымға мемлекеттік мәртебе берілетінін мәлімдеді. Бұл – отандық ғылымға жасалған зор қолдау. Мұндай мүмкіндікті қалай пайдаланған тиімді? Академияның алдағы бағыты мен міндеттері қандай болмақ? Құқықтық мәртебесін ғана емес, бұрынғы беделін қайтару үшін не істемек керек? Ендігі мәселе осы секілді. Осы ретте біз салмақты сауалдарға жауап берген ғалымдардың ой-пікірін жариялауды жөн көрдік.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
«Біз біртүрлі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Соғыс жаңа кеңістікке көшті. БАҚ ұрыс алаңына айналды және бұл жаңа қақтығыста жақсы мен жаманды ажыратып алу қиын. Кімнің мейірімді және кімнің қатыгез екенін түсіну де күрделі. Сол үшін арнаны ауыстыру керек. Себебі қарсыластар орындарын жиі алмастырып жатыр». Француз публицисі Фредерик Бегбедердің бұл пікірімен келіспеуге болмайды. Себебі ХХІ ғасыр ақпараттың шекара таңдамайтынын, адамзаттың күн санап «құбылып», әлемдік прогрестің бір орында тұрмайтынын сәт сайын сезіндіріп жүр. «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында Мемлекет басшысы тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екенін айтқан еді. Осыған орай Президент мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысы мен медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсырған болатын. Алайда бүгінгі БАҚ «тәуелсіздік» дегенді қалай түсініп жүр? Журналистердің жауапкершілігі немен өлшенеді? Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру үшін не қажет? Қазіргі медиаконтентті кімдер жасап жүр? Жалпы, Жаңа Қазақстанның журналистикасы қандай болуы керек? Біз қоғамның көкейінде жүрген осы сұрақтарды отандық медиасаланың бірнеше сарапшысына қойған едік.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Елімізде соңғы жылдары интернет-платформа ұсынатын бейне, аудио, жазба контентін пайдаланушылардың саны күрт өскен. Мұндай дағдарыс елімізге ғана емес, әлемдік БАҚ-қа төнген «қауіп». Аудитория дәстүрлі медиаға қарағанда гаджеттерге телміртетін медиа – өнімдер қарауға құмар. Осыған қарап «Теледидар секілді дәстүрлі БАҚ тарих беттерінен қаншалықты орын алады?» деген заңды сауал туындайды.