ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Мұнай саласындағы маңызды меморандум
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында, яғни елордадағы ЭКСПО қалашығында орналасқан Ресейдің павильонында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа аталмыш тараптардың басшылары Құрманғазы Есқазиев пен Виктор Мартынов қол қойды.
ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Кеше ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қытай павильонында Цзянсу провинциясының апталығы ашылды. Цзянсу провинциясы Қытайдың шығыс өңірінің орталығында орналасқан әсем де бай өңірлердің бірі. Мұнда 80 миллионнан астам адам тұрады.
Үкімет • 21 Маусым, 2017
Астана халықаралық әуежайына Елбасының есімі берілді
Астана халықаралық әуежайы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын болды. ҚР Үкіметінің тиісті Қаулысы бүгін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды, деп хабарлайды egemen.kz.
ЭКСПО-2017 • 21 Маусым, 2017
Лапландиялық Санта-Клаус көрмеде жүр
Кеше ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Финляндия Республикасының ұлттық күні болып өтті. Финляндияның тәуелсіздік алғанына 100 жыл толу мерейлі мерекесіне орайластыра өткізілген ұлттық мерекеге «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнайы келген Финляндия президенті Саули Ниинистё қатысты.
Аймақтар • 21 Маусым, 2017
Оңтүстікте Елбасының «Егемен Қазақстанда» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Ұлттық сананы жаңғырту» тақырыбында өткен жүздесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Мереке Құлкенов, Есенғали Раушанов, Аманхан Әлімұлы және Жүсіпбек Қорғасбек жұмыс сапарымен келді.