Аймақтар • 22 Маусым, 2024
Аграрлық сала қолдаудан шет қалмайды
Қарағанды, Ұлытау облыстарына жұмыс сапарымен барған вице-премьер Серік Жұманғарин, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров аталған өңірдегі шаруашылықтардың тыныс-тіршілігі және көктемгі дала жұмыстарының қорытындысымен танысты.
Үкімет • 22 Маусым, 2024
Бюджеттің жүйелі басқарылуы – басты мәселе
Кеше Мәжілісте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар күн тәртібіне енгізілген үш мәселені талқылап, бір заң жобасын мақұлдады.
Аймақтар • 22 Маусым, 2024
Екі аптада 100 үй пайдалануға берілді
Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге «Қазақстан халқына» қорының қаражат бөлуімен 100 үйдің құрылысы толық аяқталды. Өңірге арнайы келген Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тұрғындарға 47 үйдің кілтін тапсырды. Ал 53 үйдің кілті екі апта бұрын берілгенін «Қуаныштың көз жасы» атты мақаламызда хабарлағанбыз. («ЕҚ», 07.06.24)
Инвестиция • 22 Маусым, 2024
Еларалық қатынаста инвестиция тарту – басты бағыт
Сарапшылар ел экономикасының жыл санап инвесторлар үшін бәсекеге қабілетті және тартымды болып келе жатқанын айтады. БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (UNCTAD) мәліметіне сәйкес, еліміз таза шетелдік тікелей инвестиция тарту бойынша посткеңестік кеңістікте, Орталық Азияда және теңізге шығатын тікелей жолы жоқ 32 дамушы ел арасында көшбасшы болып саналады. 2019 жылдан бастап елімізге 117 млрд доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды деді бізбен сұхбаттасқан Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Шаруашылық • 22 Маусым, 2024
Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» (АНК) АҚ «Кең дала-2» жаңа бағдарламасымен көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға жыл сайын беріліп келген 140 млрд теңгені 300 млрд теңгеге дейін арттырды. Сонымен бірге несиелерді қайтару бұрын 1 желтоқсанға дейін болса, енді оның жартысын осы мерзімде, екінші жартысын келесі жылдың 1 наурызына дейін өтеуге болатын тәртіп енгізілді. Сөйтіп, шаруаларды қыспай, астығын ұтымды бағаға сатып, қарызынан асықпай құтылуға мүмкіндік берілді.