Қазақстан • 19 Шілде, 2017
Экологиялық кеңсе орталық жылу мен қуат көздерінен бас тартты
Алматыдағы М.Ганди атындағы саябақ жанынан жақында ғана алғашқы экологиялық кеңсе бой көтерген болатын. Қазір мегаполистерде ғимараттар таңсық емес, алайда, бұл үйдің қай жағынан алсаң да артықшылығы бар. Біріншіден, бұл кеңсе отандық таза материалдардан тұрғызылды. Және құрылыс жүргізілген кезде де энергияның баламалы көздері пайдаланылды.
Кино • 19 Шілде, 2017
«Алмас қылыш» дүкендерде сатылады
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында орналасқан «Қазақ хандығы» көп сериалы тарихи туындысының түсірілімдері үшін арнайы тұрғызылған «Сығанақ қаласы» декорациясында режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» фильмінің DVD дискісінің түсаукесері өтті.
Аймақтар • 19 Шілде, 2017
Қостанайдағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік-археологиялық қорық-музейінің «Фараб-Отырар өркениеті» атты жылжымалы көрмесі ашылды.
ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Тәуелсіздік сарайында еліміздегі ең танымал музей-қорықтарының бірегей көрмесі өтті.
Биыл көктемде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі көп жылдар бойы көксеген мақсатын жүзеге асырып, цирк мұражайының бастауы – Экспозициялық залды жасақтаған болатын. Сол Экспозициялық залдағы бір фото бізге маза бермегені. Ол Кубаны 1959 жылдан 2006 жылға дейін басқарған әйгілі революционер Фидель Кастроның қазақтың ұлттық шапанын киіп түскен суреті еді. Осы сурет санада қайта-қайта жаңғыра берген соң, көрмеге тағы да оралуға тура келді.