Қоғам • 18 Шілде, 2023
Ардагерлерді ардақтаудағы ала-құлалық
Елімізде ардагерлер туралы арнайы заң қабылдау қажеттігі хақында әртүрлі мінберден көп жыл бойы айтылып келгенімен, оның сәті 2020 жылы ғана түсті. Сол жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» алғашқы заңға қол қойды. Бұл маңызды құжат Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 75 жыл толуы қарсаңында қабылданып, айтулы мерейтойға тарту іспетті болды.
Денсаулық • 18 Шілде, 2023
Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – тамақтану. Бір қарағанда тойып тамақ ішіп жүргеніміздің несі мәселе дерсіз?! Бірақ британдық философ Бертран Рассел айтпақшы, «Адамды жүйелі әрі мақсатты түрде тамақтандырып та малға айналдырып жіберуге болады».
Депозит • 18 Шілде, 2023
Егер банк лицензиясынан айырылатын болса, депозиттерді қорғау механизміне сәйкес оның салымшыларына депозиттерде, төлем карточкалары мен ағымдағы шоттарда жатқан ақшалары қайтарылады. Осы ретте Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) жеке тұлғаларға заңнамада бекітілген максималды кепілдік мөлшері шегінде – депозиттің түрі мен валютасына қарай 5, 10 және 20 млн теңгеден асырылмайтын көлемде кепілді өтем төлейді.
Банк • 18 Шілде, 2023
Елдегі 21 екінші деңгейлі банктің жиынтық активтері биыл наурыз айында 2,2% немесе 967 млрд теңгеге ұлғайып, 45 трлн теңгеге жетті. Активтердің өсуі өтімді активтердің 2,7% немесе 512 млрд теңгеге ұлғаюы нәтижесінде болды. Өз кезегінде өтімділігі жоғары активтер 13,6 трлн теңгені немесе активтердің 30,1%-ын құрады. Бұл банктерге клиенттер алдындағы міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Қоғам • 18 Шілде, 2023
Балаларға арналған төлем картасы
Жыл санап онлайн есеп айырысу үрдіске еніп келеді. Екінші деңгейлі банктердің төлем карталары мен цифрлық қызметтері өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ересектерді былай қойғанда, балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығына батыл қадам жасап, жалпы цифрлық қаржылық қызметтерді белсенді игеріп жатыр. Соңғы жылдары 6-18 жас аралығындағы балалар ата-анасының төлем картасына байланған банк карталарын белсенді аштыра бастады. Мұндай карталар балаларға ата-аналарының бақылауымен қолма-қол ақшасыз шағын сатып алулар жасауға мүмкіндік береді.