Парламент • 18 Шілде, 2017
17 шілдеде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында ОСК Төрағасы Берік Имашев Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловқа куәлік пен төсбелгіні тапсырды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелер мен ұсынылған бағдарламалар күн өткен сайын жер-жерде талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай бастаған топ Алматы облысына келді.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада каллиграфия көрмесі өтті. Шарада Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған халықаралық байқау жеңімпаздары мен қатысушыларының туындылары ұсынылды.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Үздік идеялар елорданы көркейтуге үлес қоспақ
Астана әкімдігі ұйымдастырған алғашқы Startup Weekend байқауы мәресіне жетті. Үш күнге ұласқан шараның қорытынды жиынына қала әкімі Әсет Исекешев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.
Қазақстан • 18 Шілде, 2017
Хаттама электронды үлгіде толтырылады
Кеше елордада электронды хаттамаларды енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске қосу шарасы өтті. Жаңа жобаның мақсаты әкімшілік өндірісті электронды форматқа ауыстыру болып табылады. Аталған іс-шараға еліміздің Бас прокуроры, Ішкі істер министрі, Астана қаласы әкімі мен Астана қалалық ІІД бастығы және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.