Парламент • 18 Шілде, 2017

Депутатқа куәлік тапсырды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 шілдеде Қазақстан Республикасының Ор­талық сайлау комиссиясында ОСК Төрағасы Берік Имашев Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұловқа куәлік пен төсбелгіні тапсырды.

Депутатқа куәлік тапсырды

Бақытжан Жұмағұлов 13 шілдеде Қазақстан Рес­публикасы Президентінің Жарлығымен Пар­ламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, 14 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысының Жарлықтарымен тағайындалған С.Айтбаеваны, Б.Жұмағұловты, В.Волковты және Т.Мұсабаевты Парламент Сенатының депутаттары ретінде тіркеген болатын.

«Егемен-ақпарат»