Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Алматыдан 155 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 22 шілде күні Алматы уақыты бойынша сағат 07 сағат 34 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 24 Шілде, 2020
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 78486 адамға жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 1687 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 776 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 24 Шілде, 2020
Футболдан Ресей Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Бақтиер Зайнутдинов өзінің төртінші голын атақты «Зенит» клубының қақпасына соқты.
Спорт • 24 Шілде, 2020
Футболдан қыркүйек айында басталатын Ұлттар лигасының еліміздегі алғашқы матчы Алматының Орталық стадионында өтетін болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама командалары департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов мәлімдеді.
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
Әулиеаталық әлеуметке тиісті қолдау көрсетілуде
Күллі адамзатты дүрліктірген коронавирус індеті өкінішке қарай елімізді де айналып өткен жоқ. Қауіпті індетпен күресте мемлекет тарапынан тиісті шаралар қабылданып, барлық өңірде сақтық шаралары күшейтілді. Сонымен қатар түрлі салада қызмет атқарып жүрген азаматтардың ортақ ұйымшылдығының нәтижесінде науқастар мен сол науқастарды емдеу жолында басын бәйгеге тігіп жүрген медицина қызметкерлеріне лайықты қолдау көрсетілуде. Бұл үрдіс Жамбыл облысында да лайықты деңгейде жалғасуда.