Қоғам • 17 Шілде, 2024
Қазір қоғамда баласынан безген әйел де, еркек те көп. Мәселен, Әділет министрлігі берген ақпарға көз салсақ, бүгінде елде алимент төлемей жүргендер саны 300 мыңға жуықтаған. Кейбір көкек әкелер мен безбүйрек аналардың перзенттеріне берешегі 13 млрд теңгеден асып жығылады. Негізі жыл басында борышкерлердің қарызы 20,7 млрд теңгені құраған еді. Құзырлы органдардың табанды әрекетімен сома 35 пайызға дейін төмендеді. Сонда бауыр еті баласына көк тиын татырмай жүргендерді тек титықтатып жүріп төлету керек пе? Сарапқа салдық.
Экономика • 17 Шілде, 2024
Миллиард теңге таудай қоқысты реттей ала ма?
Елімізде 207 аудан мен қалалардың 130 елді мекені қалдықтарды бөлек жинаумен, ал 103 елді мекені сұрыптаумен айналысады. Жергілікті атқарушы органдар ақпаратына сәйкес, жыл сайын елімізде 4 млн тоннадан аса коммуналдық қалдық жиналады. Былтыр елімізде 4,32 млн тонна коммуналдық қалдық жиналса, оның 996 мың тоннасы (24%) қайта өңделген.
Экономика • 17 Шілде, 2024
Игілігі мол инвестициялық жоба
Елімізде агроөнеркәсіп кешені саласындағы трансұлттық компаниялардың қатысуымен 7 жоба жүзеге асырылатыны осыған дейін айтылған. Соның бірі – Алматы облысында іске қосылып отырған «PepsiCo» трансұлттық компаниясының ірі инвестициялық жобасы. Үкімет бұл Орталық Азиядағы ең ірі жоба болады деп үміттенеді.
Экономика • 17 Шілде, 2024
Жаңаөзенде гибридті электр стансасының құрылысы басталды
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және италиялық «Eni S.p.A» энергетикалық компаниясы Жаңаөзен қаласында күн, жел және газбен жұмыс істейтін қуаты 247 МВт гибридті электр стансасының құрылысын бастады. Жобаның басталу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Eni» компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинк, Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.
Технология • 17 Шілде, 2024
Астаналық сегіз жасар Айша мен өскемендік Ева есту қабілеті бұзылған балаларды оңалтуға арналған қосымшаның прототипін әзірледі. Олар өз жобаларын Калифорниядағы «Technovation Girls» Халықаралық қыздар технологиялық байқауының финалында ұсынбақ. Қыздарымыз бастауыш сынып оқушыларына арналған «Beginners» дивизионындағы байқауға қатысады.