Қазақстан • 13 Шілде, 2017
«Қазына» би ансамблі Түркиядағы халықаралық байқауда үздік атанды
Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен ХХХІ Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауында оңтүстікқазақстандық «Қазына» би ансамблі бірінші орынды иеленді. «Алтын Қаракөз» деп аталатын Халықаралық өнер сайыпқырандарының дүбірлі додасы тарихында Қазақстанның бишілері алғаш рет жүлделі орыннан көрінді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының мамандары хабарлайды.
Президент • 13 Шілде, 2017
Президент ТМД елдері қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шара басталар алдында ТМД елдері ұлттық қауіпсіздік органдарының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 13 Шілде, 2017
Елбасы ҰҚК-нің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты
Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 13 Шілде, 2017
Тұрғын үй бағасын арзандату қажет – Жансейіт Түймебаев
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде аймақ көлеміндегі құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Шілде, 2017
Астанадағы Республика даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Көлік жолдарында орташа жөндеу жұмыстарын өткізу аясында Республика даңғылы бойынша А. Иманов көшесінің учаскесінен Самал шағын ауданының автомобиль жол айрығына дейін жөндеу жүргізіледі.