Коронавирус • 22 Шілде, 2020
Мақтааралда жеке кәсіпкер ауруханаға 2 оттегі концентраторын алып берді
Еліміздегі карантин жағдайына байланысты Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Бүгін жергілікті кәсіпкер, “Астана Строй-Проект” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аташов Данияр Серікбайұлы аудандық "Мырзакент" ауруханасына 2 оттегі концентраторын сыйға тартты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Шілде, 2020
"Мейірім" электронды дисконт картасы – мүгедек жандарға демеу болды
Осы жылдың 26 маусымынан бастап WWW.BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы әлеуметтік маңызы бар пойыздарға 50% жеңілдікпен жол жүру құжаттарын (билеттерді) онлайн түрде ресімдеу қызметі іске қосылған сәттен бастап 300-ге жуық әртүрлі мүгедек топтағы жолаушылар "Мейірім" электронды дисконт картасын ресімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 22 Шілде, 2020
Түркістан облысында коронавирустың бір күндік өсімі төмендеді
Түркістан облысы бойынша соңғы бір тәулікте коронавирус инфекциясының өсімі төмендеп, 0.8 пайызды құрады. Жалпы, өңірде қазіргі сәтке Covid-19 инфекциясын жұқтырған 2497 жағдай тіркелген. Олардың 1570-де ауру симптомсыз өтіп жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Шілде, 2020
Бір тәулікте балаларға қатысты 4 оқиға тіркелген
Өткен тәулікте 20 шілдеде Алматы қаласында 2018 жылғы бала қайтыс болды. Ал Қызылорда және Қостанай облыстарында 2013 жылғы қыз бала және 2016 жылғы бала жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Көппәтерлі тұрғын үйлерде терезеден балалардың құлаған 3 оқиғасы тіркелді. Барлық жағдайда балалар үлкендердің қарауынсыз қалған және москит торына отырған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Шілде, 2020
Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды
21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды. Бұл туралы Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.