Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Атыраулық паралимпиадашы олжалы оралды
Ұлттық құрама сапында бұған дейін де әлемдік жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген атыраулық паралимпиадашы Ержан Сәлімгереев Германияның ашық кубогынан олжалы оралды. Әлемнің 51 елінен параолимпиадашы-спортшылар қатысқан додада Ержан 50 метр қашықтыққа жүзуден алтын медаль, 100 метр қашықтыққа жүзуден қола медальды жеңіп алды.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Мәдениет және спорт министрі Алматы облысындағы бірнеше көне қаланы аралады
Әйгілі Алтын адам табылған «Есік» қорғаны қорық-музей болып құрылып, елімізде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуге лицензия алған алғашқы орталықтардың бірі. Осы қорық-музейде тұрған әйгілі Алтын адамды Қазақстанға туристер тарту мақсатында пайдалана білсек ұтарымыз көп екені анық.
ЭКСПО-2017 • 12 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017. Бүгін Гананың ұлттық күні мерекеленді
Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Гана Республикасының ұлттық күні мерекеленді. Бұндай дәрежедегі көрме жаһандық маңызды мәселелерді және әлем елдерінің энергияны жоспарлауы мен тұтынуы туралы білім дамуын талқылауға мүмкіндік беретін таптырмас алаң деп айтты Гананың вице-министрі Ахенкор Кингсли мырза. Оның сөзінше, «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі энергия саласындағы жаһандық жаңалықтарды ашуға және оларды ілгері жылжытуға мүмкіндік береді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Петропавлда тай боксынан республикалық біріншілік өтті
Былтыр тай боксы бойынша «Солтүстік кубогы» турниріне 100 спортшы қатысса, биыл 260 боксшы жұдырықтасты.
Аймақтар • 12 Шілде, 2017
Солтүстікқазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар сурдлимпиадалық ойындарға жолдама алды
18-31 шілде аралығында Түркияның Самсун қаласында өтетін сурдлимпиадалық ойындарға қатысу құрметіне құлағы ауыр еститін екі спортшы–Татьяна Терехова мке Дмитрий Лактионов ие болды.