Аймақтар • 12 Шілде, 2017

Солтүстікқазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар сурдлимпиадалық ойындарға жолдама алды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-31 шілде аралығында Түркияның Самсун қаласында өтетін сурдлимпиадалық ойындарға қатысу құрметіне құлағы ауыр еститін екі спортшы–Татьяна Терехова мке Дмитрий Лактионов ие болды.

Солтүстікқазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар сурдлимпиадалық ойындарға жолдама алды

«Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын байрақты бәсекеге 2015 жылдан бері жүйелі түрде дайындалып келеміз. Осы аралықта спотшыларымыз  әртүрлі жарыстарға қатысып, облыс намысын ойдағыдай қорғай білді. Ендігі мақсат–жүктелген сенімді ақтау», дейді «Үміт»  жеңіл атлетика клубының жаттықтырушысы Рүстем Шөкеев.

Дмитрий Лактионов биыл қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионы атанған. Желаяқ 400 метрді  51 секундта жүгіріп өткен.  

Татьяна Терехова спорттың бағдарлау түрінен қатысады.

 Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.