Қаржы • 19 Шілде, 2022
Қазақстанда еңсесін тіктеп, өрісі кеңейіп келе жатқан бір сала болса, бұл – қаржы саласы. Соңғы жылдары аталған сектор бірқатар қателіктен сабақ алды және бұл бағыттағы кәсібилік деңгей біршама жоғары көтерілді дей аламыз. Соңғы 5 жылда қаржы жүйесінің жиынтық активтері 74,5%-ға өсіп, 44,3 трлн теңгеге жетті. Бұл ІЖӨ-нің 54,5%-ын құрайды. Елдегі екінші деңгейлі банктер қаржы жүйесінің 85%-ын еншілесе, басқа секторлардың қаржы нарығындағы үлесі 15 пайызды құрайды.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
Қазақстанның креативті индустрия хабына айналуына мүмкіндік мол
Креативті индустрияны дамыту туралы заң жобасы Парламент қарауына енгізілетіні туралы хабардың тарағанына көп уақыт өткен жоқ. Ізін ала жастар арасында аса танымал топтың өңірлерде жоспарлаған концертін өткізуге әкімдік тыйым салыпты деген хабар көбейді.
Қоғам • 19 Шілде, 2022
Қандас жастар Түркістанда білім жарыстырды
Өзге жұрттарда білім алып, тәрбие үйреніп жатқан ұл мен қызды атажұртына тарту мақсатында, елімізде бір жақсы іс-шара Президент өкімімен жүзеге асып келеді. Ол 1996 жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау» негізінде Үкімет қаулы қабылдаған еді. Соның арқауында өз Отанымыздағы дарынды ұрпақпен бірге, алыс-жақын шетелдерде өмір кешіп жатқан бауырлардың баласын бабаларының кіндік қаны тамған киелі топыраққа тарту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы осыдан 19 жыл бұрын «Қазақстан – атажұртым, қасиетім – ана тілім» атты олимпиадаға ұйытқы болған еді. Оның негізгі мақсаты, қазақ тілі мен әдебиетінің құнын өзге жұрттарда оқып жүрген жастардың санасына сіңіру болатын.
Қазақстан • 19 Шілде, 2022
Қағаз жүзіндегі малға субсидия алған
Мал шаруашылығы саласында АСЖ – ақпараттық сараптамалық жүйе деген электронды бағдарлама бар. Бүкіл малын осы жүйеге тіркеген шаруашылықтар ғана мемлекеттің қолдауына арқа сүйей алады және жергілікті мемлекеттік мекемелер осы жүйе арқылы санақ алып, қай шаруашылықта қанша мал бар екені туралы есеп беріп отырады. Бір сөзбен айтқанда, АСЖ-ға тіркелмеген бас – жоқ малдың есебінде.
Тарих • 19 Шілде, 2022
Запорожьедегі зауытта немесе отыз бес жыл бұрынғы ойдан кетпес сапар
Отыз бес жыл бұрын Запорожье облысына барған іссапарымның жөн-жапсарын оқырман қауыммен бөлісейін деген ниетпен осы бір әңгімемді баян етпекпін.