Жеңіл атлетика • 05 Шілде, 2018
Ольга Рыпакова үздік сегіздік қатарынан көрінді
Франция астанасы Париж қаласында жеңіл атлетикадан «Гауһар лига» жарысының жетінші кезеңі аяқталды. Еліміздің атынан қатысқан Ольга Рыпакова 14.25 метрге секіріп, сегізінші орын иеленді.
Футбол • 05 Шілде, 2018
Футболдан Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста әлем чемпионатының 1/8 финалында Ресей құрамасынан жеңілген соң құрамадан кететінін мәлімдеді.
Спорт • 05 Шілде, 2018
Отандық спортқа олжа салған оғлан еді... (Мұстафа Өзтүрік туралы сыр)
Таэквондо – ғажайып спорт. КСРО империясының әсіре сақтық жасап, капиталистік дүние игіліктеріне көз жұмып қарайтын тұмшаулы кезеңі еді. Корей халқының ұлы өнерінің жұрнақтарын жасырын бейнетаспалардан көрдік. Қос аяқты қайшылай қимылдатып, қарсыластың әптер-тәптерін шығаратын, кескен теректей сұлататын спортқа іштей ынтығып жүргенде елге Алманиядан Мұстафа Өзтүрік келді.
Футбол • 05 Шілде, 2018
ӘЧ-2018: Англия көшбасшылар қатарына қосылды
Бразилия Мексиканы жеңіп, Англия Колумбияны пенальтиден ұтты. Сонымен ширек финалға шыққан барлық командалардың есімі белгілі. 6 шілде күні басталатын бұл ойындарда кімнің қарымы күшті болуы мүмкін. Сараптап көрелік.
Қазақстан • 05 Шілде, 2018
Думан АНАШ. Шоғырлана түскен шаһар
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «2018 жыл –елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз» деді. Әлбетте, кез келген қаланың халықтың алғашқы қоныстануына, іргесінің қалануына және қалыптасып дамуына байланысты тамырлы тарихы болады. Астананың көне көмбедегі жәдігерлерімен хатталған түп-тамыры Бозоқ, Қараөткел секілді мәдени ошақтардан басталатыны, бергі бекініс болған кезеңінде Хан Кененің атой салғаны, ХХ ғасырда одақтық тың игерушілердің кіндік қаласы атанғаны белгілі. Кеңестік Целиноград, кейінгі қазақстандық Ақмола қаласына астана мәртебесі мен атауының бірге беріліп, тәуелсіз ел тұсында тұғырлы елордаға айналуы шын мәнінде осыған дейін облыс орталығы қызметін атқарып келген шағын шаһарға ендігіде еліміздің түкпір-түкпірінен, шет мемлекеттерден келген тұрғындардың шоғырлануына, олардың жаңа қонысқа орнығуына жол ашты.