Қазақстан • 05 Шілде, 2018
Махмұт Қасымбеков. Орталыққа орнығу
Елордамыздың 20 жылдығы биылғы жылдың басты оқиғасы екені сөзсіз. Осыған орай ақпараттар ағынында астаналық мегаполисті тұрғызудағы табыстар, қала салу мен архитектурадағы жетістіктер, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік әсері жөнінде көп айтылуда. Алайда ең басты нәрсені – жаңа астананың жас Қазақстан ұлтының идеялық-адамгершілік және рухани тұрғыдан жаңғыруындағы ауқымды рөлін ұмытпағанымыз жөн.
Президент • 05 Шілде, 2018
Мәулен ӘШІМБАЕВ. Астананың асқақ рухы
Тәуелсіз мемлекет ретінде ұлттың ұйытқысы, елдің ордасы болған астанамызды бекітіп, жарқын болашаққа батыл қадам басып келе жатқанымызға биыл 20 жыл толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт болып саналатын осы бір аралықта біз Елбасымыздың парасатты басшылығының арқасында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. 20 жылда тұтас бір қаланы салып қана қоймай, сол арқылы егемендігіміздің іргесін бекітіп, еліміздің еңсесін тіктедік. Бас қаламызды бүкіл әлем мойындаған алып шаһарға айналдыра білдік.
Президент • 05 Шілде, 2018
Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасын қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
Бокс • 04 Шілде, 2018
Кәсіпқой рингте небары үш кездесу өткізіп, әлем чемпионы деген мәртебелі атаққа қол жеткізген екі боксшы ғана бар. Олар – Саенсак Муангсурин пен Василий Ломаченко. Таиландтың тарланбозы бұл атаққа 1975 жылы қол жеткізсе, Украинаның саңлағы 2014 жылы сол межеден көрінді.