Медицина • 04 Шілде, 2018
Курчатов қаласына Бауыржан Момышұлының келіні келді
Курчатовта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жобасына орай қала әкімі Алмас Оңдақановтың ұсынысымен Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова Алматыдан арнайы келді. Курчатовта Зейнеп апамен кездесуге келген халықтың санында шек болмады. Бір қарағанда, халық саны аз болып көрінетін қала туған тіл мен дінге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген сағынышын, ең бастысы Зейнеп Ахметоваға деген ыстық ықыласын бірден аңғартты. Кеш «Бабамнан қалған мұра ізеттілік,арымды қойғам соған күзеттіріп» деп аталды.
Әдебиет • 04 Шілде, 2018
Бішкекте «Айтматов империяның соңғы жазушысы» атты кітаптың таныстырылымы өтті
Бішкектегі Қырғыз Ұлттық ғылым академиясында қырғыз елінің қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Османақун Ибраимовтың орыс тілінде жарық көрген «Айтматов империяның соңғы жазушысы» атты су жаңа кітабының таныстырылымы өтті. «Адамзаттың Айтматовы» атанған заңғар жазушы Шыңғыс Төреқұлұлының шығармашылық қыры мен өмір сырынан хабар беретін айтулы еңбек Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көріп отыр.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Сырдария ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендейді
Сырдария ауданында 2018 жылы 725 жаңа жұмыс орны ашылу керек болатын. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев қазір 283-інің ашылғанын, жыл соңына дейін 423 жұмыс орнын күтіп отырғандығын айтады. Сонда ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыздан 4,9 пайызға төмендейді екен.
Үкімет • 04 Шілде, 2018
Б.Сағынтаев Татарстан президентімен инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымына және Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелуге қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен келген Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бизнес • 04 Шілде, 2018
Қызылордада шағын және орта бизнеске қолдау көп
Қазалы ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың қатары жылдағыдан анағұрлым көбейіп келеді.