«Астана» - ЧФР Клуж ойыны алдындағы медиа іс-шаралар жоспары
Алдағы сейсенбі күні елорданың «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Шымкентте «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды
Үшінші мегаполисте Болат Өтемұратов қорының «Асыл мирас» аутизм орталығы ашылды. Аталған орталықтың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, лентасын қиды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Атырау облысындағы Азғыр өңірі газбен толықтай қамтылды
Құрманғазы ауданының Азғыр өңіріне газ құбыры тартылып, іске қосылды деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 05 Шілде, 2019
Дербестікке көшуіне байланысты бүгінгі күні еліміздегі әрбір жоғары оқу орны өз білім траекторияларын белгілей бастады. Солардың бірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлің мемлекеттік университеті. Мұндағы басты мақсат –сан мен сапаның бірлігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру және бүгінгі заманның өскелең талабынан қалмау болып отыр. Өзіндік білім тұжырымдамасын жасақтап, алға асқақ мақсаттар қоюдың басты мәнісі осында дейді аталған жоғары оқу орнының ректоры Бауыржан Ердембеков. Мұндағы профессор –оқытушылар құрамы мен студенттерге үздіксіз ізденіс үрдісі тән. Жұбановтықтардың Аккредиттеу және рейтингтік тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізген рейтингте Қазақстанның ең үздік 20 ЖОО-сы арасында алғашқы төрттіктен орын алуы –осындай тымбай ізденістің нәтижесі екені анық.
Экономика • 05 Шілде, 2019
Топырақтың тозуы ғаламдық мәселеге айналды. Жер байлығына деген тұтынушылық көзқарастың салдарынан адамзатқа ортақ игіліктің жылдан-жылға құнары азайып барады. Алматыда өткен «Орталық Азияның ауыл шаруашылық ландшафтарында қоршаған ортаға мониторинг жүргізу, жер және су ресурстарын басқару үшін зерттеудің және бағалаудың заманауи әдістері» халықаралық симпозиумында Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Жапония, Қытай, Германия, т.б. елдерден келген ғалымдар жерді тоздырмаудың заманауи әдістерін ортаға салды.