Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Атырау тұрғыны Қызылордадағы зергерлік дүкеннен алтын ұрлаған
Қызылордада полицияға хабарласқан қала тұрғыны белгісіз адамның сауда үйлеріндегі зергерлік дүкендердің бірінен алтын сақиналар ұрлап кеткенін мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Шілде, 2025
Елімізде этносаралық қатынастар тұрақты
Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 95%-дан астам респондент елдегі этносаралық қатынастарды тұрақты әрі қолайлы деп сипаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Қарағандыда тазалық жұмыстары LED-экрандардан көрсетіледі
25 медиаборд пен 5 LED-экранда күн сайын абаттандыру мен тазалыққа қатысты ақпарат жаңартылып отырады. Сонымен қатар апталық статистика 53 қалалық маршруттағы экрандарда көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Шілде, 2025
Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар қатары артқан
Биылғы жартыжылдықта Kazneb.kz платформасының дамуы жаңа деңгейге көтеріліп, пайдаланушылар саны 44, 4 пайызға артқан, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 30 Шілде, 2025
Қытай су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 19,6 миллион доллар бөлді
Қытай Коммунистік партиясы табиғи апат салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында партиялық жарналар есебінен 140 миллион юань (шамамен 19,6 миллион АҚШ доллары) бөлген. Қаржы Қытайдың тоғыз өңіріне, соның ішінде Бейжің қаласына бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.