Қоғам • 02 Шілде, 2024
Өзекті мәселе – жол мен интернет
Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашинов Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.
Қоғам • 02 Шілде, 2024
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Аймақтар • 02 Шілде, 2024
Екібастұз жылыту маусымына дайын ба?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысына келіп, жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерді. Екібастұз МАЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау жобасының іске асырылу барысымен, көмір кеніштеріндегі циклді-толассыз технологияның инновациялық жобасымен танысты.
Қаржы • 02 Шілде, 2024
3,3 мыңға жуық қызметкер үстемеақы алады
Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғатты қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаржы • 02 Шілде, 2024
Қыркүйектен бастап шәкіртақы көбейеді
Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды.