Қоғам • 02 Шілде, 2024

Өзекті мәселе – жол мен интернет

54 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашинов Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді.

Өзекті мәселе –  жол мен интернет

Фото: baq.kz

Атап айтқанда, тұрғындарды «Шемонаиха-Өскемен» тасжолын жөндеу мәселесі, Үбі өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін жөндеу, интернет байланысының сапасы басқа да мәселелер толғандырып отыр.

– Қаламыз шағын, мұнда шамамен 20 мың адам тұрады. Бірақ біз де кез келген басқа қала сияқ­ты сапалы медициналық қыз­метке мұқтажбыз. Аудандық ауру­­ха­на­ның ғимараты 1968 жылы салынған. Күрделі жөн­деу жұ­мысы 10 жыл бұрын жүр­гізілген. Ішіне кіруге қорқасың. Қазір дәрігерлерге көтерме жәрдемақы төленетіні белгілі, сон­дықтан бізде де білікті дәр­ігер­лер саны артады деп үміттенеміз, – деді жергілікті тұрғын Валентин Алифанов.
Депутат Ерлан Саиров Ден­саулық сақтау мәселелері бо­йынша заңнамалық түзетулерге сәйкес ауылға келген медицина қыз­мет­керлері 100 ЕТЖ мөл­шерін­де біржолғы төлем алатынын атап өтті (бұл 2024 жылғы есеп­теу бо­йынша 8,5 млн теңге).

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдық аумақ­тарды және шекаралық аудандарды дамытуға ерекше назар аударады. Басты мақсат – халықтың көшуін азайту, адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, шекаралық аудандардың эко­номикалық дамуына жаңа серпін беру. Бұл – партияның сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыты. Көтерілген барлық мәселені ерекше ба­қылау­ға аламыз. Биыл Шемо­наи­ха мен Өскемен арасындағы сапа­лы жолдың құрылысына тендер өткізіледі, – деді Ерлан Саиров.

Сонымен қатар депутаттар Ше­монаиха қала­сындағы мектеп құ­ры­л­ысының барысымен таныс­ты. Оқу орны 300 орынға есептелген, оны осы жылдың соңына дейін пай­далануға беру жоспарланып отыр.

– Сапалы білім еліміздің әр баласына, ол үлкен қалада немесе ауылда тұрса да қолжетім­ді болу­ға тиіс. Аймақтық теңсіз­діктер біртіндеп жойылып келеді. Сон­дық­тан депутаттар «Жай­лы мектеп» жобасының жүзеге асыры­луын бақылайды, – дейді Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов.

Депутаттар Қазақстан – Ресей шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінің жұмысымен де танысты.

Соңғы жаңалықтар

Мүмкіндігі мол «smartlook»

Технология • Бүгін, 08:12

Ертеңгі күннің жобасы

Экономика • Бүгін, 08:02

Салаға арналған сан алуан өнім

Экономика • Бүгін, 08:01

Тоғанда тұқы өсіреді

Аймақтар • Бүгін, 07:50