Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Қазақстандық оқушылар Астанада идея арқылы табыс таба бастайды
Елордада «Оқушылар арасында инновациялық жобалардың ұлттық олимпиадасы» басталды. 2017 жылдың 26 шілдесінен 15 қазанына дейін 6-11 сынып оқушылары байқауға қатыса алады. Бұл туралы журналистерге «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев мәлім етті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Тараздан шыққан этнографиялық керуен Астанаға жетті
Керуен екі ай бойы жолда болып, 1300 шақырымды жүріп өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жазғы спорт • 26 Шілде, 2017
Қазақстан құрамасы волейболдан Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Индонезиялық Сурабаяда ерлер командалары арасында волейболдан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 26 Шілде, 2017
Сыр өңірінде түйе сүтін қабылдайтын орталық ашылады
«Bakyt business group» ЖШС Арал ауданында түйе сүтін қабылдайтын орындарын ашуды жоспарлап отыр. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы П.Айбосынов пен «Bakyt business group» ЖШС директорының орынбасары Б.Аңсаров ауылдық округ әкімдерімен және шаруа қожалық иелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 26 Шілде, 2017
Ақтөбе өңірінің жаңа бренді таныстырылды
Ақтөбе өңірінің кескін-келбетін айқындап, шетелдіктерге таныстыратын жаңа бренд әзірленді. Бұл жұмысқа облыс бюджетінен 3 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.