Экономика • 01 Шілде, 2022
Қазақстанда елдің ішкі нарығына төнетін қауіпке байланысты тірі тауарлық және асыл тұқымды малды экспорттауға тыйым салынған. Бірақ 8 млн ірі қара мал басы бар ел фермерлері үшін экспортқа тыйым салу қиынға соғып тұр. Бұл мәселені олар халықаралық форумда талқылап, саланың қордаланған мәселелерін алға тартты. Жиында Румыния, АҚШ, Чехия елдерінен келген халықаралық сарапшылар да пікір білдіріп, тәжірибесімен бөлісті.
Экономика • 01 Шілде, 2022
Ең бастысы – еңбек қауіпсіздігі
«Самұрық-Қазынаның» компаниялар тобында 256 мың адам жұмыс істейді. Оның ішінде өндірістік персоналдың үлесі жалпы қызметкерлер санының 92,4 пайызына тең. Сондықтан Қор еңбек қауіпсіздігін қамтасыз етуге, еңбекті қорғауға ерекше назар аударып келеді. Елордада ұйымдастырылған бірінші Health&Safety форумы соның бір дәлелі.
Қазақстан • 01 Шілде, 2022
Сенімге негізделген сындарлы қатынас
Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. 29 маусым – екіжақты қарым-қатынастардың маңызды символдық күні, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты.
Спорт • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бір тәулік аралығында республикамыздың барлық аймағынан жиналған балуандар 10 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Бұл жарыста Алматы облысынан келген қыздар атой салып, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Олар 126 ұпай жиды. Екінші сатыға жергілікті спортшылар (115 ұпай) жайғасса, Ақмола мен Шымкенттің өкілдері (95 ұпай) үшінші және төртінші орындарды өзара бөлісті.
Қазақстан • 01 Шілде, 2022
Ата Заңымыздың 53-бабында: Республика Парламенті өзінің бірлескен отырысында «соғыс және бітім» мәселесін, сондай-ақ «Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды», деп анық көрсетілген. Бұл – кеше ғана енгізілген жаңалық емес, ұлттық парламентаризм тарихында бұрыннан бар үрдіс. Қазақстан Парламенті 2013 және 2018 жылдары мұндай шешім қабылдаған.