Қоғам • 31 Шілде, 2022
Смартфондағы мемлекеттік қызметтер көбейді
Жұртшылыққа ноутбук пен компьютерге үңілгеннен гөрі смартфондарды пайдалану ыңғайлы. Сондықтан мемлекеттік қызметтің көптеген түрін телефонның көмегімен алуға болатындай деңгейге қол жеткіздік. Әңгімеміз – EGov mobile мобильді қосымшасы жөнінде. 2019 жылы іске қосылған қосымшаны бүгінде 2,4 млн қазақстандық белсенді пайдаланады.
Өнер • 31 Шілде, 2022
Гений сөзі орыс тілінен «данышпан» деп аударылады. Данышпан – таланттан жоғарғы дүние. Яғни асқынған талант, асқан талант. Әлбетте, бұл сөзді сирек қолданамыз. Бүгін қос данышпан – Ван Гог пен Эдгар По жайын сөз етпекпіз. Егер данышпан сөзін қолдануға болатын екі суретшіні атар болсақ, бірі – Сальвадор Дали, бірі – Ван Гог болар еді. Ал бірін атар болсақ, қырман басындағы қарауылдай қарауытып Ван Гогтың жалғыз өзі қалар еді.
Таным • 31 Шілде, 2022
Сарайшық – ортағасырлық қала. Аңызға бай шежірелі шәрі. Көне заманның көзіндей күмбезді мекен, ордалы орда. Сол шайыр шаһарда ханның жалғыз қызы айлы түннің алдында тізерлей отырып, қолаң шашын қайыққа төгіп тастап, тәтті көлге қарап таранады деседі. Аспанда жұлдыз біткен сол үшін туып, сол үшін өледі екен. Жанарынан жалт еткен сәулеге ұшқан құс та, жүгірген аң да байлаулы. Әйтсе де сол арудың өмірі тәтті болғанымен, тағдыры тым ащы болыпты.
Өнер • 31 Шілде, 2022
Өсек қусаңыз бұрын базарға не көшеге бар деуші еді, қазір әлеуметтік желіге... Есеп қусаңыз тағы сонда. Ал Мағжан айтпақшы жан ісіне өлшеніп кесек тусаңыз бізге құлақ түруге тура келеді. Бізге емес, дұрысы – әнге айналған жан сөзіне.
Ахмет Байтұрсынұлы • 31 Шілде, 2022
Бас жүлде қызылордалық оқытушыға бұйырды
Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ұлт ұстазы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы мәресіне жетті. Тараз төрінде өткен байқауға еліміздің әр қиырынан 12 үміткер қатысты.