Спорт • 29 Шілде, 2022

Әйелдер күресінен Алина Ертөстік қола медаль иеленді

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Алина Ертөстік Италиядағы әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен Алина Ертөстік қола медаль иеленді

Спортшы өзін 73 келіге дейінгі санатта көрсетті. Жартылай финалда Алина әлем чемпионы атанған үндістандық балуанға жол берді. 

Үшінші орын үшін айқаста қазақстандық спортшы америкалық Кайулани Гарсиямен кездесті. Біздің спортшы өз басымдығын байқатты. Осылайша Алина Ертөстік қола медаль иеленді.