Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Жамбыл облысында діни ахуал тұрақты
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстағы экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері жөнінде жиын өткізді. Жиында облыстық дін істер басқармасының басшысы Жангелді Омаров "2018-2022 жылдарға арналған экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл" бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен тармақтарының орындалуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Парламент • 02 Шілде, 2020
Нұрлан Нығматулин коронавирустан жазылып шықты
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус инфекциясынан сәтті емделіп шықты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Экономика • 02 Шілде, 2020
Қазақстан мен әлемдегі финтехтің дамуы
Елімізде онлайн-форматта Astana Finance Days конференциясы өтуде. Онда талқылаудың басты тақырыбы — өзгермелі әлемдегі нарықтарды дамыту және пандемияның жаһандық экономикаға әсері. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін, өмірімізге қалай әсер ететінін және қандай технологиялар көп ұзамай әлемнің ажырамас бөлігі бола алатынын талқылауда. Атап айтқанда, жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, ислам қаржысы, сондай-ақ адами капиталды дамыту секілді бағыттарға назар аударылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 02 Шілде, 2020
Сарысуда тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй салынуда
Жуырда ғана Жамбыл облысында тұрмысы төмен отбасыларға асарлатып үй салу жобасы бастау алған болатын. Өңірде осындай жолмен алғашқы үйдің құрылысы Байзақ ауданында басталған болса, қазіргі кезде бұл бастама Сарысу ауданында жалғасуда. Бұқл күнде сарысулықтар асарлатып баспана тұрғызып жатыр. Игі бастамаға ауыл тұрғындары да атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 02 Шілде, 2020
Өткен тәулікте 1500-ден астам адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 1509 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.