Өнер • 31 Шілде, 2022
Қазақтың рухани әлеміндегі шоқтығы биік өнер саласы – күй туралы зерттеу еңбектерін аз деуге де, көп деуге де болмас. Қазақ өнертануының атасы, белгілі академик – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың «Құрманғазы», «Дәулеткерей», «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары» секілді шығармаларынан бастап, бүгінгі сүбелі туынды Ақселеу Сейдімбековтің «Қазақтың күй өнері» атты күйлер жинағына дейінгі аралықта талай еңбектердің жарық көргені рас. Алайда әр зерттеудің өзіндік ерекшелігі бар. Бір кітапта тарихи шолу басым болса, біреуінде өмірбаяндық деректер молырақ, енді бір автор тақырыптық талдау жағына мән берген. Мұның бәрін ізденістің нәтижесі деп қараған жөн. Ұлттық өнертану ғылымы осылай бірте-бірте жүйеге түседі. Бабаларымыздың асыл мұрасын дәріптеу, жаңа тұрғыда зерттеу – бүгінгі таңдағы кезек күттірмес мәселелердің бірі.
Театр • 31 Шілде, 2022
Күзде еліміздегі еңселі де ең үздік өнер ордалары – «Астана Опера» мен «Астана Балет» театрлары Х мерейтойлық маусымның шымылдығын түреді. 10 жыл бойы елордалық көрерменді бекзат өнердің рухани рақатына бөлеп келе жатқан таңғажайып театрлардың талантты труппасы үшін бұл меже – тағы бір табысты белес, тамаша кезең екендігі сөзсіз. Уақыт ағзам алақанында бедерленген он жылдық шежіресін тарих қойнауына қалдырғалы отырған өнер ұжымдарының тоғызыншы театр маусымындағы табыстары таңдай қақтырады.
Қоғам • 31 Шілде, 2022
Жаркенттегі қайғылы оқиға халықтың қабырғасын қайыстырды. Қаршадай қызды қапияда қолға түсіріп, жауыздық жасаған қылмыскердің әрекеті қоғам ішінде дүмпу туғызуда. Күдікті қолға түскен, кінәсін де мойындап отыр. Қазір Жетісу облысының полиция департаменті жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Аймақтар • 31 Шілде, 2022
Американың Калифорния штатындағы Анахайм қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі адамдардың 25-ші мерейтойлық, Дүниежүзілік чемпионатында Петропавлдың Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының жанындағы «Сезімталдар» (Sensitive) би ұжымы Гран-при жүлдесін жеңіп алып, Қазақстанның атын шығарды.
Таным • 31 Шілде, 2022
Киелі жауырынды музейге аманаттады
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қоры ерекше жәдігермен толықты. Сонау XVIII ғасырда өмір сүрген емші, көріпкел, жауырыншы Бибісара – Сары бәйбіше ұстаған қойдың жауырынын ұрпақтары музейге тапсырып, жергілікті ғалымдарға оны зерттеп, құпиясын ашуға аманаттады.