Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселелері де талқыланды.
Димаш Құдайбергеновтің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескереміз.
Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік.
Димаштың өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігіне қуаныштымыз», деп жазылған министрдің жазбасында.