Саясат • 24 Шілде, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Ұлы дала тарихын кәсібіне арқау еткен шеберлер отбасының шеберханасындағы қолөнер бұйымдардың сан түрлілігінде шек жоқ. Көздің жауын алатын әшекей бұйымдар, киім-кешектер, оюмен көмкерілген текемет-сырмақ, ат әбзелдерінің зор талғаммен жасалғандығы ерекше бір таңданысыңызды туғызады. Шеберлер жанұясының осы бір шағын шеберхана ішіне ұялаған құпиясының сырын әрбір бұйымға қарап ұққандай боласыз. Қырық жылға жуық қолөнердің қыр-сырын меңгерген Бекдайырлар – отбасымен кәсіби шеберлер. Үйдің үлкені Айдос – мүсінші, Бақытжан қыштан көркем бұйымдар құйса, Ғалымжан зергерлікті кәсіп етіп келеді. Ал жібек өріп, кесте, гобелен тоқитын Еркежанның қолынан шыққан бұйымдар өзіндік сәнімен баурайды. Қолөнерді өміріне арқау еткен олар бүгінде ата-анасының қолғабысы әрі шабыт беретін қолдаушысы.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Министр Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысында болды
Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Өңірге жұмыс сапары барысында министр әуелі Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмектің берілу барысымен танысты.
Технология • 24 Шілде, 2019
Адам миының көшірмесі жасалады
Microsoft компаниясы Илон Масктің адам миының көшірмесін жасауға бағытталған жасанды интеллект жобасына 1 млрд доллар көлемінде инвестиция жасады.
Спорт • 24 Шілде, 2019
Токио-2020: Қазақстан спортшыларының еншісінде 5 жолдама бар
Тура бір жылдан соң, 24 шілде күні, Токиода төртжылдықтың ең маңызды спорттық оқиғасы – 2020 жылғы Олимпиада ойындары басталады. Қазақстан құрамасы аталған ойын қарсаңында Олимпиада жолдамасына таласуда. Бүгінге дейін #TEAMKZ спортшылары бес жолдама еншіледі. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.