Сонымен қатар министр облысқа жұмыс сапары кезінде Жамбыл облыстық әкімдігінде өткен жиынға да қатысты. Жиында аймақтағы атаулы әлеуметтік көмектің берілу жайы қаралып, сол тұрғыдағы өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан кейін министр Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында болып, жергілікті халықтың және аудандық жұмыспен қамту орталығының жай-күйімен танысты.