Қоғам • 27 Шілде, 2022
Бұрынғы сатира – бүгінгі стендап
Күлкі өмірді ұзартады дейді ғалымдар. Ол қандай күлкі? Сіз бен біздің ғұмырымызға ән, көңілімізге сән сыйлайтын мағыналы әзіл қайсы? Бұрнағы қазақтың әжуасында әр, мазағында мән, келекесінде көркемдік бар еді. Қазір езу тартысы ерсілеу, жымиысында жылу жоқ секілді. Әсіресе заман ағымына ілескен жастардың эмоциясы ерекше. Олардың бұратартпа сөзі, сиқырлы сықағы – кішігірім комикс. Бұл – батысша айтқанда стендап. Бүгінгі біздің әңгімеміз қазіргі қазақтың қалжыңы туралы.
Қазақстан • 27 Шілде, 2022
Атырау облысы экономикасының басым бағыты – мұнай-газ өнеркәсібі болғанымен, өзге салаларды да өркендетуге бетбұрыс жасалып отыр. Әсіресе балық шаруашылығына кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық байқалады. Қазір осы салада тіркелген 19 балық шаруашылығында 614 адамға тұрақты жұмыс орны ашылған. Ал көктемгі және күзгі балық аулау маусымында 3 217 адам жұмыс істейді.
Аймақтар • 27 Шілде, 2022
Ауыл әкімі қалай жұмыс істеп жатыр?
Қостанай облысында бүгінге дейін 89 ауылдың әкімі тікелей сайланды. Олардың 77-сі – мемлекеттік қызметші. Саяси науқан барысында 57 ауылдың тұрғындары бұрынғы әкімдерін қайта сайлап алды. 24 шілдеде әкімдерінің мерзімі аяқталған 10 ауылда сайлау өтеді. Сондай-ақ жылдың екінші жартысында 16 ауылдың әкімін сайлау жоспарланып отыр. Бүгінде өңірдегі аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдар мен ауылдық округтерде 196 әкім жұмыс істеп жатыр. Олардың 31-і – әйелдер қауымы.
Ауа райы • 26 Шілде, 2022
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 27 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты 12 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 26 Шілде, 2022
Инфляцияны тежей алмайтын мөлшерлеме
Ұлттық банк кезекті рет базалық мөлшерлемені көтерді. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті базалық пайыздық мөлшерлемені 14-тен 14,5 пайызға көтеру туралы шешім қабылдады. Базалық ставка – инфляцияны тежеудегі басты құрал. Бірақ сарапшылар бұл құралдың тиімділігі төмен деген пікір айтады. Керісінше, базалық ставканың көтерілуін қолдаушылар да көп.