Әлем • 28 Шілде, 2021
АҚШ Ирактан да әскерін әкетеді
АҚШ Ирактағы жауынгерлік миссиясын 31 желтоқсанға қарай аяқтайтын болды. Десе де жергілікті қауіпсіздік күштері мен күрд әскерін қалыптастыруға ықпал ете бермек. Кеше екі ел біріккен мәлімдеме жасап, стратегиялық диалогтың қорытындысын хабарлады.
Әлем • 28 Шілде, 2021
«Талибанға» ауыр соққы жасалды
Ауғанстанның ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері соңғы 24 сағат ішінде «Талибан» қозғалысының 187 содырын жойды, тағы 112 адамын жаралады. Бұл туралы сейсенбіде Ауғанстан қорғаныс министрлігі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Экономика • 28 Шілде, 2021
Былтырғы қатаң шектеулерден сансырап қалған отандық кәсіпорындар қайта ес жия бастаған сыңайлы. Әсіресе шағын кәсіпорындар жедел қалпына келген. Бір жылдың ішінде олардың табысы 10 трлн теңгеге дейін өсіпті. Ал орта және ірі кәсіпорындардың кірісі 13 трлн теңгеге жақындаған.
Саясат • 28 Шілде, 2021
Халық қолдаған демократиялық өзгеріс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалар пакетін ұсынып, соның ішінде ауыл әкімдерін тікелей сайлау керектігін айтып, нақты тапсырма бергендігі қоғамымызда қызу талқыланып, кеңінен қолдау тапты. Ал өткен жексенбіде бұл демократиялық өзгеріс нақты іске асырылып, елімізде ауылдық округтердің әкімдерін сайлау ойдағыдай өтті.
Саясат • 28 Шілде, 2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында тұңғыш рет өткізілген ауыл әкімдерін сайлау қоғамда зор қызығушылық туғызды.