Қазақстан • 26 Шілде, 2022
Ұлттың ұйытқысы – Ұлттық құрылтай
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа арнаған Жолдауында Ұлттық құрылтай құруды ұсынған болатын. Соған сәйкес, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі таратылып, оның орнына жаңа құрылымның іргетасы қаланды. Оның мүшелері де бекітілді. Маусымда Ұлытауда ұлттық құрылтайдың тұңғыш отырысы өтті.
Экономика • 26 Шілде, 2022
Бидай экспортын шектеу – қауіпсіздік кепілі
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда барлық егіс алқабының 80%-дан астамын бидай (12,9 млн гектар) алып жатыр. Бұл соңғы жылдары егіс алқаптарының мөлшері жыл сайын орта есеппен 6%-ға өскенін көрсетеді. 2022 жылдың 6 айында Қазақстанда жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің физикалық көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38%-ға өсіп, 83,9 млрд теңгені құраған. Ал былтыр егістік алқаптарының көлемінің ұлғайғанына қарамастан өндіріс көлемі ауа райының қолайсыздығынан төмендеген.
Қаржы • 26 Шілде, 2022
Биржадағы белсенділік біркелкі емес
Маусым айында АІХ-тегі («Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы) сауда-саттықтың көлемі 16 444 269 долларды құрап, мамырмен салыстырғанда 2,2 есе артты. Бұған борыштық құралдар бойынша сауда белсенділігінің артуы, «Қазатомөнеркәсіптің» және Kaspi.kz-тің жаһандық депозитарлық қолхаттары мен акциялары бойынша сауда көлемінің артуы себеп болды.
Медицина • 26 Шілде, 2022
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады
Бұрын Африка елдерінде ғана кездесетін маймыл шешегі кең таралып, бүгінгі таңда бұл инфекцияны жұқтырған адамдар әлемнің көптеген тұсында анықталып жатыр. Жағдайдың бұлай ушығуы жаһандық ауқымда алаңдаушылық тудырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуін бүкіл әлемде төтенше жағдай деп жариялады. Бұл – эпидемияға немесе пандемияға әкелуі мүмкін қауіптің ең жоғары деңгейі.
Коронавирус • 26 Шілде, 2022
COVID-19: Елордада сақтық шаралары енгізілді
Аурудың қай-қайсысы болса да жақсы емес. Оның ішінде коронавирус деп жүргенімізге де екі жылдан асты. Сала мамандары сақтық шараларын сақтауға шақырады. Көпшілік жиналатын жерлерге бармауға үндейді. Бірақ қауіпті індетті қайтару үшін қатаң тәртіпке бағыну керек екенін түсініп жүргендер аз.