Қоғам • 26 Шілде, 2022

Елімізде тұрмыстық химия заттары қымбаттай ма

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов гигиена бұйымдарының бағасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде тұрмыстық химия заттары қымбаттай ма

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министрге «Кей сарапшылар Қазақстанда тұрмыстық химия мен гигиена бұйымдарының қымбаттап, жетістпейтінін айтып отыр. Осындай тапшылыққа тап келіп отырмыз ба? Оның алдын алу үшін не істеліп жатыр?», деген сауал қойды.

«Сіз айтып отырған сараптама зерттеулері түрлі сипатта болуы мүмкін. Жалпы айтсақ, қазіргі таңда логистика өзгеріп жатыр. Мұның тек азық-түлік тауарына ғана, тұтыну тауарына да қатысы бар. Бірақ гигена бұйымдарымен байланысты қандай да бір проблема көріп тұрған жоқпыз», деді Бақыт Сұлтанов БАҚ өкілінің сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, аталған тауардың негізгі бөлігі сырттан алынатындықтан, теңгерім сақтау мәселесі жоқ.

«Мысалы, қантқа қатысты жағдайда бізге өзіміздің өндірушілердің ұсынысы мен импорттың арасында теңгерім сақтау керек еді. Ал гигиена заттары негізінен сырттан әкелінеді. Ол каналдарды ерте бастан қайта қарадық, жеткізу географиясы өзгеріп үлгерген. Бұл жерде біз тапшылыққа әкелетіндей қандай да бір проблема көріп отырған жоқпыз», деді Бақыт Сұлтанов.