Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазасыз қалмайды
Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов демалыс күні төтенше жағдайларды болдырмау және алдын алу мақсатында, Бадам өзен арнасын бұру және бұзылған жолды қайта қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстардың барысымен танысу кезінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Білімі кемел елдің болашағы зор
2007 жылы 27 шілдеде Республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған, 68 баптан, 12 тараудан тұратын Білім туралы заңы қабылданды. Бұл Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқықтары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Қазақстанда төленбеген салықтардың өсімпұлдары есептелмейтін болды
Мемлекет басшысы пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының тиісті Заңына қол қойды, - деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
1,7 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге алды
27 шілде сағат 15.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-ға жуық бірегей өтініш қабылданды. Төлем 1,8 млн адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн 769 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Шығыс Қазақстанда дәрі-дәрмек бойынша жағдай тұрақталып келеді
Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бағасы бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz