Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ өкілдері өңірдегі дәрі-дәрмек бағасы бойынша мониторинг жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстан облысында дәрі-дәрмек бойынша жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт мәлімдеді.
Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыттың сөзінше:
– Шығыс Қазақстанның Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 2020 жылғы 10 шілдедегі №611 бұйрығына сәйкес құрылған арнайы мониторингтік топ бүгінгі күнге дейін күнделікті дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Барлығын салыстыра келе дәрі тапшылығының өңірімізді төмендегенін атап өткім келеді. Қазір барлық дәріханаларға ыстық түсіретін препараттар келіп түсті. Бір адамға 2 данадан сатылып жатыр. Кезекті бақылау барысында біз дәрі бағасының өсіп кетпеуін қадағалаудамыз.
Айта кеткеніміз жөн, жобалық кеңсе дәрі-дәрмек бойынша барлық жағдайлар мен шет мемлекеттен келетін гуманитарлық көмектерді басты назарда ұстап отыр.
Осыған байланысты, егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру фактілеріне тап болсаңыз, жемқорлыққа қарсы Call-center 1424 қоңырау шалу немесе "Адалдық алаңы" республикалық жобалық кеңсесінің WhatsApp-нөміріне хабарлау қажет +7 702 000 24 94 ("Adaldyq alańy") республикалық жобалық кеңсесі), + 7 778 474 69 35 ("Шығыс – Адалдық алаңы" жобалык кеңсесі).
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар