Театр • 20 Шілде, 2017
Астанада қазақ театры салынады
Астанада қазақ театрын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Жеңіл атлетика • 20 Шілде, 2017
Әділбек Жақсыбеков Азияның үздік жеңілатлеттерін марапаттады
Астанада жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен Қазақстан республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Аймақтар • 20 Шілде, 2017
ОҚО-дағы жаушықұмдық жастардың жоспары көп
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының жастары үшін жұмыссыз қарап жату деген жат тірлік. Әсіресе, диқаншылықты жанына жақын тұтқан жас жігіттер қыс аяқталысымен-ақ егістік алқапқа шығып, қарекетке кіріседі. Биыл ауылдағы 15 белсенді жас өзара бірлесіп, егіс бригадасын құрды. Сөйтті де теңіз жағасындағы бос жатқан жерді жыртып, жамылғы астына қарбыз екті. Нұрсұлтан Есенбеков бастаған белсенді жастар бригадасы кешегі аптада алғашқы өнімді жинап, сатылымға шығарды.
Үкімет • 20 Шілде, 2017
Сағынтаев СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіндегі технологиялармен танысты
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстік қазақстандық «Зенченко және К» көпбейінді аграрлық кәсіпорнының жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған, деп хабарлайды primeminister.kz.
Футбол • 20 Шілде, 2017
“Ордабасы” футбол клубы сатылды
Оңтүстік Қазақстандағы "Ордабасы" футбол клубы 500 млн теңгеге сатылды. Жаңа қожайын танымал клубты электронды сауда арқылы сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.