Үкімет • 20 Шілде, 2017

Сағынтаев СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіндегі технологиялармен танысты

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев солтүстік қазақстандық «Зенченко және К» көпбейінді аграрлық кәсіпорнының жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сағынтаев СҚО-да ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісіндегі технологиялармен танысты

Серіктестік директоры Г. Зенченко Бақытжан Сағынтаевқа ауыл шаруашылығында қолданылатын технологиялар мен шығарылатын өнімдердің түрлері туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы құрылымының жалпы егіндік алқабы- 26,6 мың га-ға жуық. Дәнді дақылдармен қатар майлы дақылдар, картоп және мал азығы дақылдары егіледі. Бұдан өзге, мұнда мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін өндірумен де айналысады. Серіктестікте өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен кәсіпорынның өнімділігін ұлғайту шаралары жүзеге асырылған. Өндірістік үдерістер автоматтандырылған, алдыңғы қатарлы технологиялар енгізілуде, қажетті минералды тыңайтқыштар мен сапалы тұқымдар қолданылады.